2020 жылғы 16 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы төтенше жағдай режиміне көшті. Бұл кезең жұртшылыққа оңай тимеді. Ойдағы жоспарлар індет кесірінен өзгеріске түсті. Бірақ уақытылы қабылданған шешім індеттің жаппай таралуына жол бермеді.
Бүгінгі күнгі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай режимін алып тастап, карантин режимін күшінде қалдыру дұрыс шешім деп қабылдаймын! Халық бірте-бірте қалыпты өмірге оралу қажет. Сонымен қатар індеттің таралуын тежеу үшін карантин режимі қалғандығы қажет. Төтенше жағдай кезінде халыққа әлеуметтік, қаржылай көмек көрсету жоғары деңгейде жүзеге асты. Несие төлеу жеңілдіктері, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары халықтың төтенше жағдай режимін қиындықсыз өтуге себеп болды. Алдағы уақытта төтенше жағдай салдарынан кейінгі экономиканы дамытудың кешенді жоспарлары мен бағдарламалары оң шешімдер беретініне кәміл сенемін! Осындай қиын- қыстау уақытта нақты және тиімді шешімдер қабылдаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін!
Төленова Жұлдыз, Көкөзек орта мектебінің мұғалімі