
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және халыққа көрсетілетін қызметтердің заңдылығын бақылау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.
2025 жылы жүргізілген қашықтан бақылау мен жоспарлы тексерулердің нәтижесінде 645 азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау, ашықтықты қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру Департамент қызметінің басым бағыттары болып қала береді.
Осы ретте, мемлекеттік қызметтерді алу барысында бюрократияға тап болған немесе құқықтары бұзылған азаматтар Департаментке e-Өтініш ақпараттық жүйесі арқылы, Telegram-бот көмегімен немесе Талдықорған қаласы, Назарбаев көшесі, 75 мекенжайына тікелей жүгінуіне болады.
Департамент басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы
Қ. Манап
