74897 адам өз кандидатына дауыс берді


Бүгін ауылдық округ әкімдерінің алғашқы сайлауы өтуде. JETISÝ MEDIA алаңындағы брифинг барысында айтылған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы 25 шілде сағат 12.00-дегі жағдай бойынша 74897 адам сайлау бюллетеньдерін алды, бұл сайлаушылардың жалпы санының немесе тізімге енгізілгендердің 34% — ын құрайды.
Айта кетейік, 220 000 жетісулық халық әкімін сайлайды. Облыста барлығы 235 кандидат тіркелген. Олардың ең көп саны Талғар ауданында. 1 орынға 6 үміткер таласады.

Мәліметпен бөлісу: