9 айдың жұмысы қорытындыланды

Сарқан аудандық соты 2019 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.

Конференция барысында сот төрағасы Ержан Қалимолдаұлы Байболов 2019 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындыларымен бөлісті. Яғни аудандық сотпен 74 тұлғаға қатысты 74 қылмыстық іс қаралған, оның  51 тұлғаға қатысты 51 ісі қаралып бітті. Атап айтқанда, оның ішінде үкім шығару арқылы 14 тұлғаға қатысты 13 іс қысқартылған, 51 тұлғаға қатысты  іс медиация тәртібімен қысқартылған болатын.

2019 жылдың 9 айында 168 әкімшілік іс келіп түсіп, 168 іс қаралып біткен. Оның ішінде медиация тәртібімен 3 іс қаралып, 13 іс бойынша жеке қаулы шығарылған. Сонымен қатар, жыл басынан өндірісте 433 азаматтық іс келіп түскен, оның 349 қаралып біткен. Азаматтық іс бойынша шешім шыққан істер саны 156, 101-і бойынша сот бұйрығы шығарылған, 47-сі қысқартылып, (медиация тәртібімен  43), 38-і  қараусыз қалдырылғандар.

Баспасөз конференциясы соңында төраға БАҚ өкілімен қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: