95 жастағы қарт тұрғын дауыс берді

Ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шарада Лепсі ауылының тұрғыны 95 жастағы К. Садыбаева дауыс беріп, өзінің азаматтық таңдауын жасады. Ғасырлық тарихқа жуық ғұмыр кешкен қарияның сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруі — азаматтық белсенділік пен ел болашағына деген жанашырлықтың жарқын үлгісі.

Жасы ұлғайғанына қарамастан, ел анасы ел тағдырына қатысты маңызды шарадан шет қалмай, өз таңдауын білдіруге ниет танытты. Ол № 375 сайлау учаскесіне келіп, белгіленген тәртіппен дауыс беріп, азаматтық құқығын пайдаланды.

95 жастағы қарияның бұл әрекеті кейінгі буынға үлкен өнеге. Өйткені елдің ертеңіне қатысты мәселелерге бейжай қарамау — әр азаматқа ортақ жауапкершілік. Қарт тұрғынның белсенділігі жастарға елжандылықтың, азаматтық міндетке адалдықтың және туған жерге деген құрметтің үлгісін көрсетеді.

Ғұмырында талай тарихи кезеңді бастан өткерген қария үшін әрбір сайлау — елдегі өзгерістер мен уақыт тынысын бағамдайтын маңызды сәт. Оның дауыс беруі өз ұрпағының ғана емес, кейінгі буынның болашағына деген алаңдаушылығы мен ақ тілегінің көрінісіндей.

Мәліметпен бөлісу: