Болашаққа бастаған

Қаңтар айының 31-і күні Абай атындағы мектеп-гимназия оқушыларымен бірге Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында мектептің «Нұр Отан» партия жетекшісі М.Разбеков, тарих пәнінің мұғалімі А.Нурпейсовтың ұйымдастыруымен «Болашаққа бастаған-жаңа жолдау» тақырыбында кездесу өткізілген болатын.

Бұл кездесу барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бұл Жолдауға дейінгі жолдаулары талқыланды. Жолдаулар арқылы еліміздің дамып, өркениетті елге айналуға үлкен үлес қосып жатқанын аңғардық. Осы талқылаулардан кейін біз Елбасымыздың жаңа Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін» талқыладық. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы- еліміздегі технологияның дамуын көздеп отыр. Себебі қазіргі заман талыбы жаңа технологияға тіреліп тұр. Цифрлық дәуірге көшу, бұл еліміздің дамуына үлкен үлес қосады деп ойлаймын. Бұл Жолдауды әрбір қазақ халқы түсініп оқыса, тек бір мамандықпен шектеліп қалмауы керек екенін түсінеді және әрбір адам өзінің туған жерінің дамуына үлес қосу керектігі айтылды.
Бұл Жолдау туралы мектеп оқушыларына түсіндіріп өткеннен кейін, оқушылар өз ойларын айтуға кірісті. Жолдау туралы оқушылар әртүрлі пікір айтуда. Бірақ барлығының ойлары бір жерден шықты. Еліміздің дамуына әрбір адам өз үлестерін қосуы керектігін, және оқушылар сабақтарын жақсы оқып, патриот болуға шақырды. Оқушылар өзінің көкірегіндегі сұрақтарын қойып Елбасы Жолдауына байланысты көп мәлімет алды.
Бұл түсіндіру жұмысының басты мақсаты — әрбір оқушы бала күнінен еліне деген жақсы көзқарасты қалыптастыру деп білемін. «Болашаққа бастаған-жаңа жолдау» тақырыбында кездесу өткізуде оқушылардан ерекше қасиет қалыптаса бастады. Елбасы Жолдауын орындауға біз мектеп оқушылары да өз үлесімізді қосқымыз келеді.

 

Ақжол ЖЕКЕН, Ерден ҚАНАТБЕК,
Абай атындағы мектеп-гимназияның
9 «Б» сынып оқушылары.

Мәліметпен бөлісу: