Жарқын болашаққа жетелейтін мақсаттар

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы басқарма қызметкерлері арасында кеңінен талқыланып, нақты жоспарлар бекітілді.
Жолдауда айқындалған міндеттердің бірі – тиімді мемлекеттік басқару. Өңірлердің экономикалық еркіндігі мен жергілікті өзін – өзі басқарудың кеңейтілуіне байланысты, халық саны 2000-нан асқан қала, ауылдық округ, кенттердің қолма-қол бақылау шоттары ашылып, өз-өздерін қаржыландырып отыратын болады. Осыған орай, қазынашылық тарапынан күрделі жұмыстар атқарылып, бүгінгі күнде Сарқан ауданында 1 қалалық және 5 ауылдық округ аталған бағыт бойынша жұмыс істеп отыр.

Жолдауда көрсетілген негізгі міндет – жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. Аталған міндетті орындау мақсатында, Сарқан аудандық қазынашылық басқармасы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған» іс-шара жоспары бекітіліп, заң мен нормативтік құқықтық актілер аясында техникалық оқу сабақтары жүргізіледі, тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жарияланады, жеке және заңды тұлғалардан түсетін қоңырауларға байланысты сенім телефоны белгіленіп, басқарма басшысы мен басшының орынбасары аптасына бір рет осы азаматтарды кесте бойынша қабылдайды.
Білім берудің жаңа сапасы, оның ішінде, жастардың ХХІ ғасырдың озық технологияларын үйренуі, тілді емін-еркін меңгеруі, латын әліпбиіне ауысуы «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты міндетінде айқындалып көрсетілген. Сонымен қатар, бұл міндетте үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт туралы да айтылған. Яғни, саламатты өмір салтын ұстана отырып, халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне, медициналық технологияларды дамыту мен жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауы ерекше назарға алынады. Жолдауда көрсетілген міндеттерді біз жастар қолдаймыз және оны іске асыруға күш саламыз.
Елбасымыз Жолдау соңында атап айтқандай: «Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек».

Р.ЖАНАТБЕК,
аудандық қазынашылық басқармасының бас маман — бас қазынашысы.

Мәліметпен бөлісу: