Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Жетісу облысының жеке және заңды тұлғаларынан барлығы 739 өтініш келіп түсті.
- қаралғаны — 672 өтініш;
- қайта бағытталғаны — 29 өтініш;
- қарауда — 38 өтініш.
Сондай-ақ, ішкі мемлекеттік аудит департаменті 26 мың теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салды.
«Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша аудит объектілерінің 39 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 лауазымды тұлға атқаратын лауазымынан босатылды», — деп хабарлады облыстың ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Талғат Төлтебаев.