Жетісу облысының 27 имамы аттестаттаудан өтті


Имамдардың білім деңгейін анықтап, біліктілігін арттыру мақсатында жақында аттестаттау өтті. Оған 27 азамат қатысты. Олар алдағы уақытта тиісті бұйрық шыққан жағдайда аймақтың имамы жоқ мешіттеріне қызметке жіберілетін болады. Бұдан бөлек, биыл Нұр-Мүбәрәк университетінің және медресе бітірген түлектерді қызметке тарту әлі жалғасып жатыр.
Дегенмен, бүгінде кадр тапшылығы имамдар қауымдастығының да арасында бар. Атап айтсақ, өңірдегі 12 ауылдық мешітте имам жоқ.
Білікті имамдар корпусын қалыптастыру мақсатында Дін істері басқармасының тапсырысымен шілде айында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында имамдарды оқыту курсы басталып, өткізілуде.
Одан бөлек, имамдарды қызметке тарту бағытында өңірге өткен жылы 9 имам, биылғы жылы 12 имам қызметке тартылды.

Мәліметпен бөлісу: