«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасуда

Акция аясында Сарқан ауданында тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша 1 күнде 7 тоннаға жуық қоқыс жиналып, полигондарға төгілді. Жүзден астам тұрғын «Таза бейсенбі» акциясына белсенді қатысты. Акцияға мәслихат депутаттары, партия белсенділері, «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері және еріктілер қатысты.


Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы жыл соңына дейін жалғасады. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтіп тұрады.

Мәліметпен бөлісу: