ЖЕТІСУДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» — ЭКО КВЕСТ» ШАРАСЫ ӨТТІ


Елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы тағы өрісін кеңейтті. Жетісулық жастар аталған акция аясында экологиялық эстафетасын бастады. Бүгін осы шара барысында 100-ден аса белсенді жас, облыс орталығы Талдықорған қаласындағы Орталық алаңдарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Жастар қураған шөптерді орып, алқапта шашылып жатқан полетилен пакет пен пластмас заттарды жинады.


«Жасыл ел» еңбек жасақтары облыс орталығындағы саябақты және оның айналасын кең ауқымда тазартты. 3 тоннадан астам қоқыс жиналып, саябақтың көрінісі мен жағдайын айтарлықтай жақсартты.

Акция аясында экология және тұрақты өмір салты бойынша бірнеше шеберлік сабағы өткізілді. Қатысушылар қалдықтарды қайта өңдеу, қоқысты бөлек жинау және экологиялық құрылыс туралы заманауи әдістермен танысты. Жастар үшін экологиялық ойындар мен квесттер ұйымдастырылып, олар табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсінді.
Жергілікті атқарушы орган, қоғамдық ұйымдар акцияны белсенді қолдады. Олардың көпшілігі экологияны жақсарту бойынша өз жобаларын және тұрғындарға экологиялық әсерді азайту бойынша тиімді шешімдер ұсынды.
«Қала тұрғындары ұйымдастырушылар мен волонтерлерге алғыстарын білдірді. Қатысушылардың бірі: «Осындай шаралар тек қаламызды жақсартуға ғана емес, адамдарды біріктіруге және экология саласындағы жаңа жетістіктерге ынталандырады», – деп атап өтті.

Мәліметпен бөлісу: