Жиын арқауы – жаңа салық кодексі

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілген болатын. Қолданысқа енгізілген жаңа салық кодексі өзіне біршама өзгерістерді қабылдағандығы сөзсіз. Осынау өзгешеліктерді көпшілік қауымға әсіресе салық саласымен тығыз жұмыс жасайтын әлеуметтік топтарға жан-жақты түсіндіру мақсатында ауданымызға Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері арнайы келіп көшпелі семинар өткізді.

 

 

«Нұр Отан» партиясы Сарқан аудандық филиалының ғимаратында өткен семинарға өңірімізден бөлек Ақсу ауданының кәсіпкерлері, мекеме-бөлім есепшілері, жалпы мүдделі топтар қатысты. Жиында негізгі баяндаманы аталмыш басқарманың түсіндіру жұмыстарының бас маманы Әуелхан Алишеров жасап жиналғандарға жаңашылдықтар туралы жан-жақты мәліметтер берді. Семинар барысында сондай-ақ облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшылары мен бас мамандары жаңа салық кодексі желісімен өз салалары бойынша өзгерістерді арқау еткен баяндамалар жасады. Жиын соңында мәселеге орай сұрақтарға жауаптар берілді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: