Қыраулы қыспен қоштасу мерекесі

Масленица – қыс мезгілімен қоштасу, көктемді жаңа үміттермен, жарқын қуаныштармен қарсы алу ретінде ұйымдастырылған мерекені Лепсі ауылының тұрғындары да көтеріңкі көңіл күймен тойлады.

Лепсіліктер әр мейрамды ынтымақ пен бірлік мерекесі ретінде атап өтуді дәстүрге айналдырған, бұл жолы да славяндардың көнеден келе жатқан мерекесін тату-тәтті атап өтті. Мерекеге жиналған балалар мен жастар, әсіресе, түрлі байқаулар мен ойындарға белсене қатысты. Құймақ жеуден жарысу, масленица мерекесіне қатысты сұрақ-жауап, арқан тарту, өлең айту, басқа да түрлі байқаулар, спорттық сайыстар мен ойындар жүлдегерлеріне сыйлықтар үлестірілді.

Қалыптасқан дәстүрге сай, мереке өткен қыс бейнесіндегі тұлыпты жағумен аяқталады. Бұл «бар қиындық осы қыспен бірге бітсін» деген мағынада істеледі. Бұл жолы да солай болды.

Мадина АЙТОВА.

Лепсі ауылы.

Мәліметпен бөлісу: