Жақында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында өткен жиын мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұмысқа орналастыруды көздеді. Аталмыш шараға аудандағы бірқатар мекеме-бөлім басшылары мен өкілдері қатысып өздеріндегі бос жұмыс орындары туралы мәліметтермен бөлісті. Жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Түсіпов үмітпен келген мүмкіндігі шектеулі жандардың әрқайсысымен жекелей сөйлесіп мұң-мұқтаждарын білді. Қоға-мымыздың бір мүшесі сана-тындағы осынау жандарды жұмыспен қамту қашанда күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігін тағы бір мәрте сезінген жұмыс берушілер мүмкіншілікке сай оларға барынша қолдау көрсетуге уәде беріп тарқасты.
Өз тілшіміз.