Сарқандық аналар келер ұрпақ жайына болыспақ


Қазақстанның АЭС салудағы талпынысы неден туды? Әрине, электр энергиясының тапшылығы.

Қазір еліміз қажетті энергияны сырттан тасымалдауда. Демографиялық өркендеу байқалған қоғамда электр энергиясын тұтыну көлемі енді төмендемейді. Қазақстанның басты байлығы адам. Ал сол адамның сапалы өмір сүруін қамтамасыз ету биліктің кез келген сатысының басым міндеті. Әрбір қазақстандық сапалы өмір сүруі үшін тапшылық пен таршылықты сезінбеу керек. Міне, АЭС салу жайы осылай пысықталған. Осындай келелі ойды сарқандық аналар ұжымымен кездесуде АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшесі, сенатор Амангелді Толамисов және өңірлік Халықтық штабтың мүшесі, облыстық мәслихат төрағасы ортаға салды.

Келелі кездесуде спикер АЭС салудағы экономикалық ұтымты жайттарды саралап, қызметкерлерге түсіндірді. Одан бөлек Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы негізгі міндеттемелерін де саралады.

«Қоршаған ортаға орасан зияны бар көмір жағу арқылы энергия өндірудің осы саладағы теңгерімі 70 пайызды құрап отыр. Әлем органикалық заттарды жағудан әлдеқашан бас тартты. Айтқанымдай, 70 пайыз қазіргі әлемдік тұрмыста үлкен үлес. Мұндай үлеспен табиғатқа кәдімгідей зиянымызды тигіземіз. Ал, баламалы энергия көздерін пайдаланудың үлесін де бірден арттыра алмаймыз. Қазақстанда жаңартылатын энергияны игеруде өз технологиялық ерекшеліктері бар: олар күннің циклділігі, желдің жиілігі сында жағдайлар. Жыл мезгілдерінің де жағдайы ескерілуі керек. Көп жағдайда бұл жолмен энергия өндіру желдің соғуы мен күннің шығуы және батуына тікелей байланысты. Алпауыт елдердің өзінде толықтай баламалы энергияны 100 пайыз қолға алып отырған жоқ. Біз болашақ ұрпақ алдындағы өз жауапкершілігімізді жүзеге асырамыз», — деді Амангелді Толамисов.

Әлемді бір қолымен тербеткен аналар келер ұрпақтың тапшылықта емес, кеңшілікте өмір сүруі үшін 6-қазанда дауыс беруге баратынын жеткізді.

Мәліметпен бөлісу: