Еліміздің дамуында маңызы зор


Экономиканың артуына және еліміздің дамуына алдағы жоспарланып жатқан атом электр стансасы құрылысының еліміз үшін маңызы зор. Сарапшы мамандардың айтуынша, мемлекетіміз энергетика секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұр. Энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына айтарлықтай әсер етеді. Қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70 пайызын қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді. Алайда бұл модель күрделі мәселелерге тап болуда екен.
Жалпы дамыған мемлекеттердің көбісі АЭС пайдаланып, өз елдеріне қуат көзін жеткілікті түрде алып отыр. Соған байланысты бұл нысанды салу біздің ел үшін қолайлы деп ойлаймын.
А. ЕРБОЛАЕВ,
Сарқан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: