ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы Бескөл ауылының тұрғыны Дінғазы Алипов пен жұбайы Бәтима Алипованы «1 қазан — Халықаралық қарттар күні» мерекесімен құттықтады.
Техникалық және кәсіби дайындық бөлімінің бастығы полковник Жекебай Байсаханов пен орынбасары подполковник Айдын Дәрібаев қарияға ұзақ ғұмыр мен зор денсаулық тіледі. Шекара сақшыларының атынан сыйлық табыс етті. Дінғазы Шәкенұлы саналы ғұмырын еңбекке арнаған озат механизатор болса, Бәтима Смайлқызы дүниеге жеті баланы әкелген «Алтын алқа» марапатының иегері.
Дінғазы қария үнемі қал-жағдайын біліп, көңілін сұрап тұратын алакөлдік шекарашыларға рахметін айтып, жауынгерлік қызметтеріне жетістік тіледі.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті