Алмалы ауылындағы ✓360 референдум учаскесіне ерлі-зайыпты Сәдуақас пен Набира Садықовтар келіп, дауыс берді. Сәдуақас Батқалұлы талай жылдар мемлекеттік қызметте істеген, Сарқан ауданының құрметті азаматы, ал Набира апамыз ардагер ұстаз.
Қоғамға лайықты үлес қосқан ардагерлер ауыл тұрғындарын ел болашағы үшін сыртқары қалмай, белсенді болып таңдау жасауға шақырды.