Таза Қазақстан: Жетісуда тазалық шаралары жалғасып жатыр

Жетісу облысы бойынша 6 сәуір мен 15 қазан аралығында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында  экологиялық акцияларға жалпы 205 мыңнан астам адам атсалысты. 

Облыс бойынша «Киелі мекен», «Қызыл тас – тасбақа», «Таза кәсіп — Таза аймақ», «Жинаquest» экологиялық акциялары мен «Таза аула, таза көше» байқаулары ұйымдастырылды.

Эко-шараларға облыс тұрғындары, кәсіпорындар мен мекеме қызметкерлері, волонтерлер, жастар, шағын және орта бизнес, медицина, білім, мәдениет және спорт  саласының өкілдері қатысты. 1 729 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде  8 208 тонна қоқыс шығарылды,   2 265 км арық желісі тазаланып,  облыс аумағында  31 811  түп көшет отырғызылды.

Мәліметпен бөлісу: