62 АЗАМАТТЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ


Білім саласында мемлекеттік қызметтерді заңнама талаптарына сәйкес көрсетілмеу себебінен 62 азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі — Департамент) мемлекеттік қызметтер көрсету барысында заңдылықтын сақталуының қамтамассыз ету мақсатында 2024 жылдың қазан айында облыс көлемінде орналасқан мектептер және балабақшалармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қашықтықтан байқау жүргізіп, қызмет берушілер тарапынан бірқатар заң бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 22 тармағына сәйкес, балаларды мектепке, балабақшаларға қабылдау үшін тапсырлаған құжаттар, көрсетілетін қызметті берушімен құжаттар келіп түскен күні тіркеледі, сәйкестігіне тексеріледі және нәтижесін беруді қамтамассыз ету міндеттілігі көзделген.
Алайда, Департаментпен Көксу, Ескелді, Алакөл, Панфилов және Ақсу аудандарының аумағында орналасқан бірқатар мектептер мен балабақшаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тәртібін бұзу, яғни қызмет алушылардың өтініштерін уақытылы тіркелмеу түріндегі 62 факті анықталды.
Нәтижесінде, Департаментпен Жетісу облысы Білім басқармасына заңдылықтын бұзылуына әкеп соққан себептерді және оның салдарын жою туралы тиісті ұсыным хат жолданып, оны қарау қортындысы бойынша 62 қызмет алушылардың өтініштерін тіркеу арқылы құқықтары қалпына келтірілді.

Мәліметпен бөлісу: