Сарқан ауданының мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған азаматтар міндетті түрде 3 күн ішінде әдеп кодексімен таныстырылады. Ағымдағы жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп хатшылығының меңгерушісі Л.Бейсеқұлованың тапсырмасына сәйкес Сарқан ауданы бойынша 15 бөлім және 13 қала, ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» атты нұсқаулығымен таныстырылды.
Президент Әкімшілігі басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген Президент Әкімшілігімен келісілген мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік медиаларда аккаунттарды қолдануы бойынша әдістемелік ұсынымдар мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік медиаларды (әлеуметтік желілер, блог-платформалар, форумдар, мобильді мессенджерлер, комментарийлер және басқалар) қолдануы кезінде бірқатар ұсынымдар мен шектеулерді көздейді. Мысалы, мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін және оған сенімсіздік туғызатын, фотолар, видео және басқа да материалдарды (ойын-сауық мекемелерден және шет елдегі демалыс орындардан, қымбат тұратын зергерлік бұйымдарды және басқа әдемілік заттарды демонстрация жасау арқылы қымбат автомобильдердің және интерьердің аясындағы фотолар) жариялауға және таратуға тыйым салынған.
Мемлекеттік қызметшілер өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауы және сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік оның азаматтық ұстанымына адалдық пен сатылмаушылық оның мінез-құлық нормасына айналуы тиіс. Кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға өз үлесімізді қосып, мемлекет алдында тұрған жауапты және маңызды жобалар мен жұмыстарды сапалы және тиімді жүзеге асыруға шақырамын.
Ғалымжан МАМАНБАЕВ,
Сарқан ауданы әкімінің орынбасары,
Сарқан ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл.