2024 жылғы 10 қарашада таңғы сағат 09.00-де Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Күз-2024» шақырылымы сарбаздарының Ант қабылдау рәсімі өтті.
Ауқымды шараға жергілікті құзырлы органдардың басшылары,
сарбаздардың ата-ана, туған-туыстары қатысты.
Бес жүзге жуық сарбаз Отан алдында Ант кабылдағанан кейін ҚР ҰҚК
Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы
полковник М.Нарбаев жас сарбаздардың әскери қызметтеріне ақ жол тіледі.
Қүттықтау сөз жауынгерлердің ата-аналары мен жас сарбаздарға да берілді.
Салтанатты шараның соңы өнерлі әскери кызметшілердің концерттік ән шашуына жалғасты. Жиналған кауымға шекара сақшылары қоян-қолтық ұрыстан көрініс көрсетті. Қызметтік итті колдану арқылы шекара бұзушыларды тұзақтаудың әдіс-тәсілдерінен көрсетілім қойылды.
Шараның өткен орны: Жетісу облысы, Алакол ауданы, Үшарал
қаласы, Дулепов көшесі, 1 үй.
КР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті
Молодые солдаты приняли присягу