Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ашықтығын қаматамасыз ету


Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысының департаментінің (бұдан әрі — Департамент) жұмысындағы негізгі ұстанымдардың бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.
Осы ретте, Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету және сапасын арттыру мақсатында талдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Талдау жұмыстарының аясында Департаментпен әлеуметтік маңызды салаларында көрсетілетін бір-қатар жасырын қызметтер анықталып, бір неше ұсыныстар әзірленіп, Агенттікке ұсынылды.
Аталған ұсыныстарды іске асыру тиімді және қолайлы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

@elgeqyzmet.gov.kz

Мәліметпен бөлісу: