Ресей президенті Владимир Путин 19 мен 21 қарашада Курск пен Брянск облыстарындағы нысандарға соққы жасалғанын мәлімдеген еді. Осыдан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тиісті тапсырма берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау. Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын, — деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Бұған дейін РФ преизденті Владимир Путин Украинадағы қақтығыстың жаһандық деңгейге өткенін мәлімдеген.
Фото: Ақорда