Заң мен тәртіпке бағынған ел ғана қауіпсіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра алады. Заңды сақтау – әділеттіліктің, теңдік пен тәртіптің кепілі.
Елімізде Заң және тәртіп қағидатын қалыптастыру
маңызды рөл атқарады. Бұл – бәріне бірдей бұлжымас қағида. Заңның
сақталуы, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін
арттыру
-маңызды міндет. Дамыған
қоғам жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке, бұзақылыққа жол бермейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Қазақстан халқына Жолдауында: Тағы да қайталап айтамын: біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз. Осы стратегиялық мақсатымызға жету үшін еліміздің бейбіт өмір сүруіне және тұрақты дамуына қолайлы сыртқы жағдай қалыптастыруымыз қажет. Бұл – қазіргі аса күрделі геосаяси ахуал кезінде өте жоғары кәсібилікті талап ететін дипломатияның міндеті делінген.
Заң
мен тәртіп қағидаты барлық салада, әсіресе мемлекеттік органдарда үстем болуға
тиіс. Жалпы, қоғам заңға бағынғанда ғана біз айтып жүрген құқықтық мемлекет
қалыптаспақ. Азаматтардың заңға бағынуы олардың құқығын шектеу емес.
Керісінше, тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Бұл мемлекеттің
қауіпсіздігін нығайтып, демократияны дамыта түседі. Бүгінгідей күрделі геосаяси
жағдайда елімізді сақтап қалу жолында азаматтардың мұны терең түсінгені ләзім.
Өйткені заң үстем болмаған елде тұрақтылық болмайды. Ал тұрақтылық жоқ жерде
сәйкесінше даму да болмайды.
Заң мен тәртіпке бағынған ел ғана
қауіпсіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра алады. Ал заңды сақтау –
әділеттіліктің, теңдік пен тәртіптің кепілі болып табылады.
Қ. ЖАНАСБЕКОВ,
аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы.