Заң мен тәртіпті ұстанайық


Ықылым заманнан әрбір мемлекетте заң мен тәртіп алдыңғы орында болуы керек. Сол сияқты біздің мемлекетте де тәртіп пен заң ең басты ұстанатын қағидамыз болуы керек. Тәртіпке келгенде атақты қолбасшы батыр Бауыржан Момышұлының мынадай қанатты сөзі бар. Баукең «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», деп қай қоғам болмасын, қандай жағдай кездеспесін, ең әуелі тәртіптің алар орны ерекше екенін тайға таңба басқандай айтып-ақ кеткен.
Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа арнаған Жолдауында заң мен тәртіпке арнайы тоқталған.
«Тағы да қайталап айтамын: біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз. Осы стратегиялық мақсатымызға жету үшін еліміздің бейбіт өмір сүруіне және тұрақты дамуына қолайлы сыртқы жағдай қалыптастыруымыз қажет. Бұл – қазіргі аса күрделі геосаяси ахуал кезінде өте жоғары кәсібилікті талап ететін дипломатияның міндеті» дейді президент.
Сол секілді бәріміз заң мен тәртіпті қатаң ұстансақ, біздің елімізде ұсақ құқықбұзушылықтар болмас еді.


Ә. ЕРБОЛАЕВ,
Сарқан қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: