Заң мен тәртіп


АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай  жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел. Заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді жарға жығады. Мұндай жағымсыз үрдіске бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Ал тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Бұл – заңдылық. Әр азамат еліміздің заңын құрметтесе, береке-бірлік те, бақуатты  тұрмыс та болады. Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгінгі таңда Сарқан ауданы көлемінде «Пробация» Республикалық алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Сарқан аудандық ПҚ қызметкерлерімен және Сарқан аудандық ПБ аумақтық ПБ ЖПҚБ УПИ-мен бірлесіп, қайта қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында тұрғылықты жерлері бойынша Сарқан ауданының ПҚ-есебінде тұрған сотталғандарды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғылықты жерлері бойынша тексеру жүргізу барысында сотталғандармен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, ағарту жұмыстары жалғасын табуда. Пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу, полиция бөліністерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру сияқты нақты мақсаттарды көздейтін осынау Республикалық іс-шараның маңызы ерекше.
Жалпы, Пробация қызметі өз тарапынан осындай жазаға кесілгендерді тәрбиелік дұрыс жолға салып, қайта қылмыс жасаудың алдын алу және болдырмау мақсатында тұрақты жұмыстар жүргізуде.


М.Еркенов,
Алматы облысы және Жетісу облыстары
бойынша ҚАЖД Сарқан аудандық ПҚ
бөлімшесінің бастығы, әділет майоры.

Мәліметпен бөлісу: