Әскер қатарында мобилографтар жүр


Азаматтық өмірде мобилографияның шыңына жеткен Арман
Тұрсынжан мен Арман Мұқатаевтар қазіргі кезде әскери қатарында туған жер алдындағы перзенттік борыштарын өтеп жүр. Екеуі де ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде әскери қызметте.
Сарбаздар шекарашылар сапына қабылданғанға дейін мобилография
саласында жұмыс жасап, тәп-тәуір табыс тапқан. Үйлеріне әскерге шақыру қағазы келген кезде ата-аналарының рұқсатын алып, ойланбастан жолға шыққан. Бүгінгі күні қос Арман алакөлдік шекарашылардың мақтанышы.
Өткен айда Отан алдында ант қабылдады. Қатардағы жауынгер Арман Тұрсынжан — Талғар қаласының тумасы.
Әкесі Манас Тұрсынжанұлы Алматы қаласының жылу жүйесінің
қызметкері болса, анасы Адасхан Бүрленқанқызы Талғар аграрлық-
техникалық колледжінің медбикесі. Алтыншы сыныптан бастап еркін күреспен айналысқан Арман спорт шеберлігіне үміткер. Телефон арқылы сапалы бейнебаяндарды түсірумен айналысқаннан бері елімізге танымал әншілермен, актерлермен, кәсіпқой спортшыларға бейнебаяндар түсірген.
Әлеуметтік желілерге таратқан. Негізгі мамандығы ветеринар. Колледжді қызыл дипломмен тәмамдаған. Жаңалыққа жаны құмар сарбаз әскери ұжымының белсенді жастар орталығының төрағасы.
Қатардағы жауынгер Арман Мұқатаев Алматы қаласының тумасы.
Әкесі Руслан әскери қызметші. Анасы Шахназ Муралимқызы Жетісу
облысы бойынша әскерге шақыру бөлімінде медбике. Мамандығы —
фельдшер. Жасынан спорттың воркаут, волейбол түрлерімен айналысқан.
Сүйікті ісі — мобилография. Осы саланың қыр-сырын жақсы меңгерген.
Біліктілігін дамыту мақсатында дрон арқылы бейнебан түсіруді үйренген.
Әлеуметтік желіге жариялаған сапалы бейнебаяндары көп қаралымға ие болған. Мемлекеттік органдардан тапсырыстар қабылдаған. Бос уақытында көмекке зәру қарттарға көмек беруге волонтерлықпен айналысқан.
Екі Арманның қазіргі кездегі армандары — Отан алдындағы әскери
қызметтерін абыроймен атқарып, үйлеріне аман-есен оралу. Қазақстанның жарқын болашағына дамыған заманның ең жоғары мамандығы — мобилография саласын жетілдіру арқылы келелі үлестерін қосу.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу: