Жетісу облысында есірткі қылмысы 23 пайызға төмендеді


Жыл басынан бері Жетісу облысында есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты 145 құқық бұзушылық тіркелді. Оның 72-сі есірткі қылмысы ретінде жіктелген, оның ішінде 43 сату фактісі және аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаудың 12 фактісі бар. Өткен жылмен салыстырғанда есірткі қылмыстарының саны 23%-ға төмендеп, 72 жағдайға жетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Эмиль Шарменов мәлімдеді.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде 692 кг есірткі тәркіленді. Оның 235 келісі марихуана, 66 келі синтетикалық есірткі және 385 келі қарасора. Екі есірткі лабораториясы таратылып, 14 адам, оның ішінде 5 кәмелетке толмағандар ұсталды. Тергеу қорытындысы бойынша сотқа 93 қылмыстық іс жіберіліп, 78 адам сотталды.
Атап өтейік, облыс бойынша есепте 230 нашақор тұр, олардың басым көпшілігі 18-29 жас аралығындағы жастар. Бір жыл ішінде ста-ционарлық емдеуден 68 пациент өтті, олардың 65-і ерікті түрде жүгінген.

Мәліметпен бөлісу: