Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік әкімшілендіру мамандары тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шаралар туралы айтып берді.
Кедендік бақылау шеңберінде кеден органы зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері анықталған кезде тауарларды шығаруды күнтізбелік он күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Жыл басынан бері Жетісу облысында зияткерлік меншігі бар тауарларға 85 декларация тоқтатылды. Кеден бекеттері арқылы жылжытуға тырысқан негізгі сауда белгілері: «Bosch», «XCMG», «NGK», «ZEPTER», «Polaris», «Philips», «Kunlun», «Adidas», «Nike». Сыртқы экономикалық қызметтің 1 қатысушысы бойынша әкімшілік іс қозғалды және сотқа жіберілді.
Мысал ретінде «Нұр жолы» кеден бекетінде жүк шиналарын алып шығуға талпынған. Алайда, тексеру нәтижелері бойынша тауар белгісіне құқықтардың бұзылуы анықталып, тауарды шығару тоқтатылды. Сот кінәлі ЖШС-ні құқық бұзушы деп танып, 125 жүк шиналарын тәркілеп, 110 760 теңге көлемінде айыппұл салынды.