Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауында тұрақты даму үшін жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізудің маңызын атап өтті. Осыған байланысты, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірнеше маңызды бастамаларды жүзеге асырды:
— саланың дамуын үйлестіретін ЖИ комитеті құрылды;
— 2024-2029 жылдарға арналған ЖИ дамыту тұжырымдамасы бекітілді;
— ЖИ туралы заң жобасы әзірленді, ол одан әрі өсу үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны қамтамасыз етеді.
Бұрынғы кезде цифрлық трансформация, жасанды интеллект деген ұғымдар бәрімізге таң болатын. Қазіргі ақпараттық заманда тиімділікті жақсарту, оңтайландыру және өнімділікті арттыру мақсатында жасалып жатқан процесс.
Осылайша, цифрлық трансформация компанияның барлық бизнес-процестеріне терең өзгерістер енгізуді және қазіргі заманғы мүмкіндіктерді басқарудың ескірген тәсілдерін толығымен ауыстыруды көздейді. Мысалы, бұл жасанды интеллект жүйелерін пайдалану, блокчейн технологиясын енгізу және роботтандыру болуы мүмкін.
Ж. МҰҚАШЕВ,
Сарқан ауданының құрметті азаматы.