Құқық бұзушылықтың алдын алуда оң жұмыстар жасалуда


Ағымдағы жылы азаматтар арасында заңға бағыну мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған қылмыстың ерте алдын алу жүйесін құруға арналған «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» жаңа бірыңғай заңды талқылау және әзірлеу маңызды оқиғалардың бірі болды. Заң жобасында алдын алу шараларына жататын тұлғалар тізбесіне өзгерістер енгізу, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқан азаматтарды марапаттау көзделген. Заң кәмелетке толмағандар арасындағы алдын-алу шараларын, соның ішінде ерекше назар аударуды қажет ететін мектептердегі балаларға міндетті педагогикалық қолдау көрсетуді де реттейді.

2024 жылы ішкі істер органдары қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыруда. Күн сайын құқықтық тәртіпті қорғауға 14 мың полиция және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері шығады. Жыл басынан бері 8 рет өткізілген «Құқықтық тәртіп» операциясы шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 6%-ға, оның ішінде көшелердегі қылмыс – 7%-ға төмендегені тіркелді. Елімізде тіркелген 12 млн әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 91 мың адам жауапқа тартылды.

Қ. ЖАНАСБЕКОВ,

аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: