Мемлекеттің басым бағыты

Жол қауіпсіздігі – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. 2024 жылы жол-көлік оқиғалары жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасты. ІІМ жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау үшін заманауи технологияларды, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркейтін автоматты камераларды  белсенді түрде қолданады. Бүгінгі таңда елімізде осындай 25 мыңнан астам камера бар. Мұндай камераларды қолдану жолдардағы барлық бұзушылықтардың 69%-ын анықтауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ «Қауіпсіз жол», «Автобус» және «Автокөлік» сияқты түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Бұл жол апатын азайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Қазақстанда жүргізушілерді даярлау сапасын арттыру мақсатында елеулі өзгерістер енгізілді. Өзін-өзі дайындау және онлайн оқыту алынып тасталды, бұл үдерісті бақылауды арттыруға мүмкіндік береді. Барлық автомектептер мен курсанттар енді ІІшкі істер министрлігінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркеледі, бұл жалған куәлік жасау мүмкіндігін болдырмайды.

Оқу курстарын аяқтау туралы куәліктер мен медициналық қорытындыларды электронды форматқа көшіру жұмыстары да белсенді түрде жалғасуда, енді оны Денсаулық сақтау министрлігі электронды форматта береді.

Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру үшін аумақтық ПД теңгерімінде ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеуге арналған мобильді бағдарламалық-аппараттық кешендермен жабдықталған 268 патрульдік автомобиль бар. 2024 жылы 10 айда бұл кешендер жылдамдық режимінің 872 мыңнан астам бұзылуын тіркеді.

Астана (4 автокөлік), Ақтөбе (11), Атырау (6), Қарағанды (2), Қостанай (3), Солтүстік Қазақстан (1), Жетісу (1), Ұлытау (1) және Түркістан (1) облыстарында «жасырын» патрульдер белсенді қолданылуда. «Жасырын» патрульдерді қолдану нәтижесінде 43,3 мың бұзушылық тіркелді. Бұл шаралар аталған өңірлерде жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар санын едәуір азайтуға мүмкіндік берді.

Ж. МҰҚАШЕВ,

Сарқан ауданының құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: