Туризмді дамытуға көңіл бөлінуде


Жетісу өңірінде туризм саласы айтарлықтай дамуда. Сонымен қатар  туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған белсенді жұмыстар туристер санының өсуіне ықпал еткен. Соның нәтижесінде биыл өңірге 2,0 миллионнан астам турист келді. Бұл жайында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты. «Өздеріңізге белгілі, жер жәннаты Жетісуда көптеген туристік орындар бар. Солардың ішінде Алакөл өңірдің інжу-маржаны саналады. Сондықтан көл жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуды қолға алдық. Кәріз тазарту жүйесінің, «Бескөл-Ақши» электр желілерінің құрылысы басталды. Бүгінде Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы, «Талдықорған-Үшарал» автожолы қайта жаңартылып, «Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды. Жыл сайын туристер санының артуына байланысты Үшарал әуежайының өткізу қабілетін сағатына 50-ден 125 жолаушыға дейін ұлғайту үшін қосымша терминал салудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде», — деді облыс басшысы.

Ежелден жер жаннаты деп аталған бұл өлкеде туризмді дамытуға айтарлықтай көңіл бөлініп, барлық алғышарттар жасалуда.

Ж. МҰҚАШЕВ,

Сарқан ауданының құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: