Мал басы артуда


Негізінен ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына негізделген өңірде мал басының артуы заңдылық. Қажетті жағдайлар жасалып, мал басы өз төлінің есебінен көбеюде. Жетісуда төрт түліктің саны 2,5 млн. басқа жетті. Сол сияқты ет пен сүт өндірісі артты. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев мәлімдеді 

Өңір басшының айтуынша, 2024-2026 жылдары жалпы құны 33,2 млрд. теңге болатын 31 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, соның 13-і осы жылы іске қосылды. Атап айтқанда, олар – 4 тауарлы сүт фермасы, 1 бордақылау алаңы, 1 сүт цехы, 7 суару жобасы.

— Облыста жаңа суармалы жерлерді көбейту үшін ирригациялық желілерді қайта жаңарту мақсатында биыл 35,6 млрд. теңгеге су шаруашылығының 11 объектісінің құрылысы жүргізілуде, оның
4-уі аяқталды, қалған объектілер 2025 жылы пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде 5,3 мың гектар суармалы жер қосылып, 37,1 мың га жерді сумен қамтамасыз ету жақсарады, — деді баяндамасында Бейбіт Исабаев.

Қажетті жағдайлар жасалып жем-шөптен тарықпаса мал басының артуы одан сайын көбейе түсуі заңдылық.

Б. РАХМЕТҚАЛИЕВ,

Сарқан ауданының құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: