Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талқылап, жағымды жаңалықтарды жұртшылыққа жеткізу мақсатында «Нұр Отан» партиясы Сарқан аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Мұрат Түсіпов, Сарқан газетінің бас редакторы, аудандық мәслихат депутаты Жомарт Игіман Қарашыған ауыл тұрғындарымен кездесті. Маңызды құжаттағы әлеуметтік қолдау бағытындағы оңтайлы қадамға жиылған жұрт өз ризашылықтарын білдіріп, пікірлерін ортаға салды.
Жалпы алғанда бұл бес әлеуметтік бастаманың қай-қайсысы да халықтың жанына жақын. Салықты азайтып, жоғарғы білім алуды қолжетімді жасап мемлекеттік грантты 20 мыңға арттырып студенттерді жатақханамен қамту, шағын несие беруді көбейту, елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру халықтың сұранысын қанағаттандыруда. Бұл, әрине ел әлеуетін өркендетіп, болашаққа нық қадам басуға жетелейді. Аудан мекеме-ұйымдарында өткен жүздесулерде айтылған пікірлердің түйіні осындай.
Өз тілшіміз.