
Мемлекет басшысы баспасөз арқылы сұхбат беруді дәстүрге айналдырды. Осы жолы «Ана тілі» газетіне сұхбат беріп, емін-еркін әңгімелесті.
Сол сұхбатта қоғамның қозғаушы күші жастар мәселесі де назардан тыс қалмады.
«Мен түрлі жиындарда жастарымыз туралы жиі айтамын. Өйткені олардың болашағын ойлап, шын жүректен тілеулестік білдіремін. Еліміздің тағдыры – жастардың қолында. Біз отаншылдығын нақты ісімен көрсететін әрі мәдениеті жоғары ұрпақ өсіруге міндеттіміз. Реформаның бәрін жастардың игілігі үшін жасап жатырмыз. Бұл – әншейін әдемі сөз емес, мемлекет стратегиясының түпкі мәні.
Бүгінгі жастар біздің жас кезімізге қарағанда әлдеқайда көп біледі. Қазіргі технология дәуірінде бұл – қалыпты нәрсе. Қазақстанда дарынды, білімді әрі мақсатына ұмтыла білетін қыз-жігіттер көп. Дәл сол себепті мен жастарға сенемін деп жалықпай айта беремін.
Бір ғана тілегім, ақыл-кеңесім бар: жас азаматтарымыз дүниетанымы тұрғысынан жасампаз, ойлау қабілеті жағынан сындарлы болуға тиіс, олар жақсы мен жаманның аражігін ажырата білуі керек. Жастарымыз халқымыздың болмысына жат идеялардың жетегінде кетпесе, күйзеліске түспесе, нигилизмге бой алдырмаса екен деп тілеймін. Олардың белсенді, тәртіпті, білімпаз, еңбекқор болғанын қалаймын».
Осы ретте мемлекет басшысы атап өткендей біз де жастардың өз тарапымыздан білімпаз, еңбекқор болғанын қалаймыз, әрі соған жағдай жасаймыз.
Е. ДАРМИШЕВ,
Сарқан аудандық мәслихатының депутаты.
