Мемлекеттік жәрдемақы мөлшері ұлғайды


Мемлекеттік жәрдемақы — мемлекеттік бюджеттің немесе арнаулы қорлардың есебінен заңнамаға сәйкес төленетін жәрдемақы.
🔹2025 жылға 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері ұлғаяды:

  • 1, 2 және 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 мың теңгеден 149 мың теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туған аналарға берілетін жәрдемақы – 233 мың теңгеден 248 мың теңгеге дейін ұлғайды;
    🔹Мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы келесідей мөлшерде:
  • 4 баласы бар отбасылар үшін 59 мың теңгеден 63 мың теңгеге дейін өсті
  • 10 баласы бар отбасылар үшін – 148 мың теңгеден 157 мың теңгеге дейін артты.
  • I ші топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 мың теңгеден 102 мың теңгеге дейін;
  • II топ – 76 мың теңгеден 81 мың теңгеге дейін;
    Ал — III топтағы мүгедек азаматтарға – 52 мың теңгеден 55 мың теңгеге дейін өсті. Осылайша мемлекеттік жәрдемақылар ұлғайды. Айта кететін жәйт мемлекеттік жәрдемақыға салық салынбайды.
    К. ҚАЛИЕВА,
    аудандық Аналар кеңесінің төрайымы.

Мәліметпен бөлісу: