Жас санаға серпін берді

Үстіміздегі жылдың 28 – 29 наурыз  күндері елордамыз Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы жанындағы  «Жас Отан» жастар қанатының 4 съезі және  «Жаңа әлемге жол саламыз» атты  Республикалық жастар форумы өтті. Форумға барлық өңірлерден «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, мәслихаттардағы жас депутаттар, кәсіпкерлер, ғалымдар, белгілі спортшылар және жастардың ірі ұйымдарының лидерлерінен 2000-нан астам адам қатысты. Ал Алматы облысынан  50 делегат қатысса, Сарқан ауданынан 2 делегат — Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі  Кубентаев Аслан Нұрахметұлы және Сарқан қала әкімі  аппаратының  жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Салимбеков Ануар Бердібекұлы бардық.

28 наурыз күні жастар «Конгресс» орта-лығында  аймақтардан келген 600 ден астам делегаттарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында семинар тренингтер жүргізіліп, кейін ҚР Президенті мұражайында және Назарбаев Университетінде, «Қазақстанда жасалған», «Салауатты ұрпақ», «Жаңа  инновациялық дәуірі» атты сессиялар өткізіліп, әр сессияға қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.

Екінші күні «Конгресс» орталығында жоғары дәрежеде төртінші «Гала-форум» съезд   өткізілді. Съезде ҚР Мемлекеттік хатшысы  Гүлшара Әбдіхалықова және ҚР Парламент депутаттары мен министрлік өкілдері түгелдей қатысты.  Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалықова мемлекет  басшысының Форум жастарына арналған құттықтау хатын оқып,  еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетістіктеріне, Қазақстанның одан әрі дамуы, бірлігі және азаматтарының бақуаттылығы үшін сол табыстарымыздың баянды ете түсуде ел жастарының  маңыздылығына назар аударды.

«Жас Отан» Жастар қанатының жарғысына бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, «Жас Отан» жастар қанатының орталық кеңесінің жаңа құрамын таныстырып, бекітті.

Жаңа ғасырда жаңа инновация мен технологияға қадам басқан қазақ еліндегі ең ірі жастар ұйымы саналатын «Жас Отан» жастар қанатының жаңа бағыты көпшіліктің көңіліне үміт отын жақты. Ия, жаңа әлемге жол салған «Жас Отан» жастар қанатына ақ жол дегім келеді.

 

А.Салимбеков,

Сарқан қала әкімі  аппаратының  жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы.

Мәліметпен бөлісу: