Жазушыға арналған кеш


ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында Қазақстанның халық жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына арналған кітап көрмесі өтті.
Көрмеге шекара басқармасы күзет тобы сарбаздары мен топ офицері
капитан Слям Ерасыл қатысты. Шарада жазушының өмірбаяны, еңбек жолы, әдебиеттегі өзіндік орны туралы айтылып, кітапхана қорындағы кітаптарымен таныстырды.
Жазушының қазақ хандығының бес ғасырға жуық тарихын қамтитын шығармалары ұрпақ үшін орны бөлек туындылар екені сөзсіз.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу: