
Кез келген мемлекетте тұрғын үй мәселесі негізгі мәселелердің бірі болып саналады, себебі, азаматтарының әлеуметтік игілігі олардың тұрғын үймен қамтылуына тікелей байланысты.
Қазіргі таңда тұрғын үй мәселесі ел тұрғындары үшін ең өзекті тақырыптың бірі. Оны шешудің бірнеше жолы бар: тікелей сатып алу, банктердің ипотекалық бағдарламалары, қызметтік пәтер алу, жалға алып, кейін толық сатып алу, мемлекеттік бағдарлама арқылы алу немесе азаматтардың жекелеген тобына әкімдіктен берілетін үйлер.
Осы ретте саялы Сарқан ауданында халықты баспанамен қамтып, ең өзекті мәселені шешу жолында бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2024 жылы осы санаттағы азаматтарға Сарқан қаласы, Химчистка ықшамауданынан 50 тұрғын үй қолданысқа берілді.
