Экологиялық таза отын

Табиғи газ анағұрлым экологиялық таза отын, оның үстіне өнеркәсіпте құнды шикізат саналады. Сол үшін ол бизнеске де, тұрғындарға да қажет. Әлемдік экономикадағы газға деген зор сұраныс осымен байланысты. Ал оны пайдалану – қай елдің болсын даму деңгейінің көрсеткіші. Осы ретте біздің өңірде де толайым табыстар аз емес. Талай уақыттан бері күн тәртібінен түспеген өңірлерге табиғи газ тарту мәселесі біртіндеп шешімін таба бастағандай.

Осы ретте саялы Сарқан ауданында өте қуанышты жаңалық орын алуда. Былтырғы жылдан бастап Талдықорған-Үшарал газ тарту құбырлары жүргізіле бастады. Қазіргі таңда 160 шақырым траншея қазу, 140 шақырым құбыр орнату жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша Сарқан қаласында және Қойлық ауылында автоматты газ тарату желісі орнатылатын болады.

Мәліметпен бөлісу: