Көгілдір отын жүргізу басты мәселе


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңіріне жұмыс сапары барысында ауызсудың сапалы болуын қамтамасыз ету, жер, жол мәселесі бойынша нақты тапсырмалар жүктеген еді. Сонымен қатар, елді мекендерді көгілдір отынға қосуға да ерекше назар аударды. Атап айтсақ, 2025 жылдың соңына дейін Кербұлақ ауданынан Талдықорған қаласына дейінгі барлық елді мекендер, ал 2028 жылға дейін Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарын табиғи газбен қамтамасыз ету тапсырылды. Аталмыш жобаларды іске асыру нәтижесінде өңірді газдандыру көрсеткіші 100 пайызға немесе 192 елді мекенге дейін жетеді.

Өңірлерге газдың келуі ол ең алдымен көптеген уақыт пен қыруар қаржыны талап етеді. Десе де бұрындары от жағып, күл шығарып жүрген шалғайдағы ауыл  тұрғындары біртіндеп көгілдір отынға қол жеткізуде. Дәл бүгінгідей жүйелі жұмыс жалғаса берсе 2028 жылға дейін облыс тұрғындары толықтай көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Газдың келуі тұрғындарды пеш жағу тауқыметінен арылтып қана қоймай, қаладағы экологиялық жағдайды да жақсарта түседі.

Мәліметпен бөлісу: