
Көлік логистика саласын жүйелі де жедел дамыту – еліміз үшін аса маңызды стратегиялық міндеттердің бірі саналады. Сол мақсатта алдағы үш жылда транзит, логистика саласының республика қазынасына қосар үлес салмағын кем дегенде 9 пайызға жеткізу көзделген. Белгіленген межені бағындыру үшін жаңадан құрылған Көлік министрлігіне көп міндет жүктеліп отыр. Ең ауқымдысы – жол инфрақұрылымын жақсарту. Сондай жауапты да маңызды рөл атқаратын құрылымдардың қатарында Көлік министрлігіне қарасты «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кəсіпорны да бар.
кламаРеспубликалық кəсіпорынның негізгі қызметтік функциясы – автомобиль жолдарын салу, қайта жаңғырту, жөндеу жəне күтіп ұстау кезіндегі жұмыстарды тексеру, жол құрылысына қолданылатын материалдардың сапасын бағалау, жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ведомстволық сараптама жүргізу, автокөлік жолдарын диагностикалау жəне аспаптық тексеруден өткізу.
