Құрылыс саласын дамыту басты міндет


Құрылыс саласын дамыту, құрылыс өнеркәсібі өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру бүгінгі өркениет заманындағы дамыған мемлекеттердің экономикалық және саяси міндеттерінің басты бағыттарының бірі саналады. Жалпы алғанда, құрылыс кешені ел экономикасына, оның ішінде тұрғындардың әлеуетінің артуына елеулі ықпал етеді.
Бүгінде өңірдің қай түкпіріне барсаңыз да жаңадан салынып жатқан нысандарды көресіз. Бұл деген сөз өңірдегі құрылыстың қарқын алып, жұмыстың жанданғанын көрсетеді.
Еліміздің экономикасы дамып, әлеуеті артқан сайын халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндігінше басымдық беріліп келеді. Мемлекеттік бағдарлама аясында құрылыс индустриясын дамытумен қатар, тұрғындарды қолжетімді пәтерлермен қамтамасыз етуге де барынша қолдау көрсету шаралары белгіленген. Осы бағытта белгіленген шараларға байланысты ауданда тұрғын үй құрылысы саласында біраз шаруалар атқарылмақ.

Мәліметпен бөлісу: