Құрылыс қарқын алуда

Тәуелсіздік жылдары елдегі құрылыс саласы қарқын алып, жаңа даму кезеңіне аяқ басқаны көпке мәлім. Осы аралықта шығыс пен батыстық үлгі үйлескен қаншама нысан бой көтеріп, экономикалық ілгерілеуге жол ашты. Оның үстіне Қазақстанның әр аймағында бизнес орталықтар тұрғызу, мектеп пен ауруханалар санын арттыру арқылы мемлекет теңдессіз тәжірибе жинап, ел аумағын зәулім ғимараттармен толтыруға мүмкіндік алды. Ал соның бәрі жаңа Қазақстанның сәулеттік бейнесін қалыптастыруға негіз болды. Қазір елдің барлық аумағында құрылыс қарқыны күшейе түсті.
Әрбір қаланың, елді мекеннің дамуы үшін құрылыс жұмыстарының орны ерекше. Сапалы да сәнді етіп жасалған ғимараттар ауданымыздың көркін ашып, даму деңгейімізді бір саты жоғарылайтыны сөзсіз. Соңғы жылдары жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының қарқынына қарасақ, аудан экономикасының дамуында осы салада жақсы үрдістің барына куә боламыз. Құрылыстың көбеюі әлеуметтік мәселелерді шешіп, бой көтерген тұрғын үйлер жергілікті тұрғындардың игілігіне жарап, жұмыссыздық деңгейінің азаюына да өз үлесін қосары сөзсіз. Биыл да ауданымызда осындай оңды жұмыстар жалғасын тауып, бірқатар маңызды нысандардың іргетасы қалануда.

Мәліметпен бөлісу: