
Ауыл мен шаһарды, қала мен даланы, ел мен елді, жер мен жерді жалғайтын күре жолдың жәйі күн тәртібінен түсер емес. Алысты-жақын, жақынды-алыс қылу көбіне сол жолдың күтімі, сапасы мен жағдайына байланысты. Былтырғы жылғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз жолдың торабында тұрып құрылысы сағызша созылған күре жолдың мәселесін сынға алды.
Жалпы Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісінде Қазақстан жол сапасы бойынша 141 елдің ішінде 93 орында тұр. Көрсеткіште Тәжікстан мен Әзірбайжан әлдеқайда көш ілгері тұр. Тіпті, сарапшылар біздегі жолдардың сапасын Моңғолия, Уганда, Эфиопиядан да төмен бағалап отыр. Елімізде автожолдардың жалпы ұзындығы 96 мың шақырымға жетеді. Оның ішінде 25 мың шақырымы – республикалық маңызы бар күрежолдар, 71 мың шақырымы – жергілікті жолдар.
