
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан 3 жыл бұрын «ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын» деген сындарлы сөз айтты. Бұл көптің көкейінде жүрген ой еді. Сондықтан жұртшылық та жылы қабылдады. Президент сол күні ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қойды және осы құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды. Шыны керек, бұл бастамадан күтеріміз көп және оған бәріміз атсалысуға тиіспіз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты. Яғни ауыл шаруашылығы өнімдері артып, азық-түлік қауіпсіздігі төмендейді.
Ауыл шаруашылығын дамыту – мемлекетті алға сүйреу, оның келешегін ойлау. Ауылшаруашылық өнімін өндіретіндер – негізінен ауыл тұрғындары. Өйткені олардың тұрмысы мен табысы ауылмен, жермен байланысты болып табылады.
