Ауылшаруашылығын дамытпай экономика өркендемейді


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл сайынғы халыққа арнаған  Жолдауларында ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша мән берді. Өңіріміздің аграрлы аймақ екенін ескерсек, бұл бағыттағы жұмыстар өңір үшін аса маңызды екені сөзсіз.

Негізінде, ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Сондықтан жыл сайын аграрлық секторда дәстүрлі қолдаулар көлемі артып келеді. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп қайта өңдеуге, тамақ және тоқыма өндірісін дамытуға, құрылыс материалдарын шығаруға және өнеркәсіптің өзге де салаларына баса назар аударылатын болады. Осының барлығына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмек.

Қазақстан Президенті стратегиялық құжатта салаға қатысты шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бар екеніне тоқталды. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы еліміздегі ауыл шаруашылығы саласының ілгерілеуіне кері әсерін тигізуде. Жолдауда Мемлекет басшысы осы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатып берді.

Мәліметпен бөлісу: