
Өткен жылдың жағымды жаңалықтарының бірі «Ұлттық қор – балаларға» жобасының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты қолдау және оларға ұлттық жинақ есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға мүмкіндік беру.
Жоба аясында балаларға бағдарламаға қатысқан әрбір жылы үшін жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың басында Ұлттық қордан инвестициялық кірісті қоса алғанда, нысаналы талаптар түріндегі қаражат есептеліп отырады. Бұл бала 18 жасқа толғанға дейін жалғасады.
Бала 18 жасқа толған жылы нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану құқығына ие болады.
